Air Astana: Әр сапар үйдегідей жайлы
Ұлттық әуе тасымалдаушы Air Astana компаниясының сату кеңселері уақыт өте бірізділігін жоғалтып, моральдық тұрғыдан ескірген алаңдарға ұқсай бастады. Бізге шағын нүктелерден бастап флагмандық кеңселерге арналған бірыңғай интерьерлік стандарт әзірлеу қажет болды.
Бізге жүктелген міндет – авиакассалардың функционалдығын сақтай отырып, оларға жылулық, шынайы қонақжайлық пен клиент ұшақ бортына мінбей тұрып-ақ «жұмсақ қонуды» сезінетін орта қалыптастыру.
Бір жылдың ішінде бұл концепция кеңселер желісіне енгізілді. Біз қатаң корпоративтік ортада да жайлылыққа орын бар екенін дәлелдедік. Енді Air Astana сату кеңселерінің дизайны тек қызмет көрсетіп қана қоймай, клиентті «құшағына алып», билет сатып алуды жағымды рәсімге айналдырады.
Түстік палитра Қазақстан табиғатын еске салатын қоңырқай және құм реңктерінде орындалған. Бұл шешім этникалық ою-өрнектерді тікелей қолданбай-ақ, нәзік түрде ұлттық нақышты жеткізеді.
Жобаның ерекшелігі — өте қысқа мерзімде орындалуы. Біз фотореалистік визуализацияларға уақыт жұмсамадық. Барлық концепция небәрі бір ғана скетч арқылы ұсынылды. Оның әсерлі болғаны сонша, басшылыққа бірден ұнап, мақұлданды.
Жанасқанға жағымды материалдарды таңдадық: ағаш, қатты текстиль, тас және керамика. Бұл — декордан гөрі тактильдік сезім маңызды орын алатын, жаны бар тірі интерьер.
Әр ұсақ-түйектегі жұмсақтық
Никаких острых углов и агрессивного пластика. Обтекаемые кресла-коконы, круглые столы и плавные линии стен создают психологический комфорт и настраивают на спокойное путешествие.
Футуризм мен технологиялық бағыттан іздегенімізді шынайылық пен жылулықтан таптық. Негізгі бағдар — дәстүр мен заманауи дизайн үйлесім тапқан қазіргі үйдің атмосферасы болды.
Ұлттық әуе тасымалдаушы Air Astana компаниясының сату кеңселері уақыт өте бірізділігін жоғалтып, моральдық тұрғыдан ескірген алаңдарға ұқсай бастады. Бізге шағын нүктелерден бастап флагмандық кеңселерге арналған бірыңғай интерьерлік стандарт әзірлеу қажет болды.
Бізге жүктелген міндет – авиакассалардың функционалдығын сақтай отырып, оларға жылулық, шынайы қонақжайлық пен клиент ұшақ бортына мінбей тұрып-ақ «жұмсақ қонуды» сезінетін орта қалыптастыру.
Команда:
Креативті директор: Anastassiya Palko
Monochrome team
DSB Team
Air Astana Marketing Teamwork
Бір жылдың ішінде бұл концепция кеңселер желісіне енгізілді. Біз қатаң корпоративтік ортада да жайлылыққа орын бар екенін дәлелдедік.
Енді Air Astana сату кеңселерінің дизайны тек қызмет көрсетіп қана қоймай, клиентті «құшағына алып», билет сатып алуды жағымды рәсімге айналдырады.
Жобаның ерекшелігі — өте қысқа мерзімде орындалуы. Біз фотореалистік визуализацияларға уақыт жұмсамадық. Барлық концепция небәрі бір ғана скетч арқылы ұсынылды. Оның әсерлі болғаны сонша, басшылыққа бірден ұнап, мақұлданды.
Түстік палитра Қазақстан табиғатын еске салатын қоңырқай және құм реңктерінде орындалған.
Бұл шешім этникалық ою-өрнектерді тікелей қолданбай-ақ, нәзік түрде ұлттық нақышты жеткізеді.
Жанасқанға жағымды материалдарды таңдадық: ағаш, қатты текстиль, тас және керамика. Бұл — декордан гөрі тактильдік сезім маңызды орын алатын, жаны бар тірі интерьер.
Өткір бұрыштар мен агрессивті пластиктен бас тарттық. Жұмыр пішінді креслолар, дөңгелек үстелдер және қабырғалардың жұмсақ сызықтары психологиялық жайлылық қалыптастырып, тыныш сапарға бейімдейді.
Футуризм мен технологиялық бағыттан іздегенімізді шынайылық пен жылулықтан таптық. Негізгі бағдар — дәстүр мен заманауи дизайн үйлесім тапқан қазіргі үйдің атмосферасы болды.