Команда:
Creative director: Anastassiya Palko
Monochrome team.
DSB Team
Air Astana Marketing Teamwork
Shanyraq. Үйден жырақтағы үй
Shanyraq — Астана қаласындағы Air Astana әуе компаниясының бизнес -лаунжы. Кеңістік әуежайдың қарқынды ортасында заманауи жайлылық нүктесі ретінде ойластырылды — жолаушылар ұшар алдында демалып алатын орын.
Біздің алдымызда халықаралық сервис деңгейін ұлттық мәдени кодтың нәзік интеграциясымен ұштастыратын интерьер жасау міндеті тұрды. Кеңістікті этникалық элементтермен шамадан тыс жүктемей, мәртебе және тыныштық атмосферасын қалыптастыру маңызды болды .
Халықаралық деңгейдегі заманауи әрі функционалды бизнес-лаунж интерьерін жасау.
Қазақ этникалық элементтерін өзекті, ұстамды интерпретацияда енгізу.
Әуежайдың ашық кеңістігінде жайлылық атмосферасын қалыптастыру.
Архитектураны, жарықты, материалдар мен графиканы біріктіретін тұтас концепция әзірлеу.
Air Astana палитрасындағы акценттер (изумруд, алтын, ағаш) интерьерге нәзіктік беріп, брендтің танылуына қызмет етеді, бірақ визуалды қысым тудырмайды .
Көпқабатты жылы жарықтандыру — үстелдердегі акцентті шамдардан бастап панельдердің жасырын жарығына дейін — әуежай қарбаласының әсерін бәсеңдетіп, қымбат кабинет немесе жайлы қонақ бөлме атмосферасын қалыптастырады .
Премиалды көрініп қана қоймай, жолаушыға заманауи әуежайдың дәл жүрегінде кең дала тынысын және ошақ жылуын сезінуге мүмкіндік беретін интерьер жасалды .
Кеңістік функционалды аралдарға бөлінді. Жұмыс аймақтары ықшам үстелдермен және камералық жарықпен жабдықталған, ал лаунж-аймақ ыңғайлы креслолармен толықтырылған.
Премиалды фактуралар үйлесімі қолданылды: ағаш панельдер, қылқан жапырақ реңктеріндегі текстиль және жылтыр қара тас. Күңгірт беттер жарық пен көлеңке ойынын үйлестіріп, дәстүрлі ою - өрнектер графикасына заманауи интерпретацияда сілтеме жасайды .
Лаунждың мағыналық әрі визуалды тірегі шанырақ геометриясын дәл қайталайтын ауқымды жарық күмбезі болды. Оның ағаш құрылымдары мен ішкі жұмсақ жарығы «аспан» әсерін тудырып, жырақтағы үймен байланыс сезімін жеткізеді .
Біз тұжырымдаманы бірлік пен уақыт сабақтастығының символына арналған шанырақ бейнесі төңірегінде құрдық.
Shanyraq. Үйден жырақтағы үй
Shanyraq — Астана қаласындағы Air Astana әуе компаниясының бизнес -лаунжы. Кеңістік әуежайдың қарқынды ортасында заманауи жайлылық нүктесі ретінде ойластырылды — жолаушылар ұшар алдында демалып алатын орын.
Біздің алдымызда халықаралық сервис деңгейін ұлттық мәдени кодтың нәзік интеграциясымен ұштастыратын интерьер жасау міндеті тұрды. Кеңістікті этникалық элементтермен шамадан тыс жүктемей, мәртебе және тыныштық атмосферасын қалыптастыру маңызды болды .
Халықаралық деңгейдегі заманауи әрі функционалды бизнес -лаунж интерьерін жасау.